Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған жолдауында парламенттік реформа туралы бастама көтерді. Ол Сенатты он жыл басқарғанын және бұл жауапкершілікті әрдайым зор мәртебе санағанын атап өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бүгін елімізде бір палаталы Парламент құру мәселесін көтергім келеді. Бұл – өте маңызды реформа. Оны асығыс жүзеге асыруға болмайды. Реформа азаматтық қоғамда, сарапшылар арасында және қазіргі Парламентте жан-жақты талқылануы тиіс, – деді президент.
Тоқаевтың айтуынша, талқылауға шамамен бір жыл қажет. Одан кейін 2027 жылы жалпыұлттық референдум өткізіп, Конституцияға өзгерістер енгізуге болады.
Мемлекет басшысы ел тағдырын айқындайтын шешімдер тек халықтың келісімімен қабылдануы керектігін қайталады. Егер бір палаталы Парламент құрылса, депутаттар тек партиялық тізім бойынша сайланғаны жөн екенін айтты.
Барлық рәсімдер аяқталғанға дейін Мәжіліс өз жұмысын жалғастыра береді, ал Сенат жаңа сайлау өткенге дейін қызмет атқарады.
Президент сондай-ақ реформа туралы ертерек мәлімдеудің себебін түсіндірді.
Мұндай тағдырлы қадамдарды құпия ұстауға болмайды. Халықпен ашық сөйлесу қажет. Сонда ғана біз Әділетті әрі Қуатты Қазақстан құру жолында тағы бір маңызды қадам жасаймыз, – деді Тоқаев.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес