Бүгiн, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қырыАстанада президенттік «Алтын сапа» сыйлығын табыстау салтанатында президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мәселеге назар аударып, ел дамуына елеулі үлес қосқан кәсіпкерлерге құрмет көрсетеміз деп атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Баршаңызды «Алтын сапа», «Парыз», «Қазақстанның үздік тауары» байқауларының өз мәресіне жетуімен құттықтаймын! Бұл – талай жылдан бері жақсы дәстүрге айналған маңызды іс-шара. Қазір Қазақстанда бизнес саласы қарқынды дамып келеді. Бұған мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып жатыр. Шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 36 пайыздан асты. Бұл – шын мәнінде, жоғары көрсеткіш. Осы салада жұмыс істейтін адамдардың саны 4,3 миллионға жетті. Яғни еңбекке жарамды азаматтардың 45 пайызы деген сөз, – деді мемлекет басшысы.
Сондай-ақ президент индустрияландыру жұмысы соңғы жылдары жоғары қарқынмен жүзеге асырылып келе жатқанын тілге тиек етті.
Былтыр өңдеу өнеркәсібінің экспорты 26 миллиард доллардан асты. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Өткен жылы осы салаға 1,5 триллион теңге инвестиция тартылды. Өңдеу кәсіпорындарын дамытуға барынша жағдай жасалды. Соның нәтижесінде республикалық бюджетке түсетін салық 5 есе артты. Осылайша бизнес өкілдері мемлекеттің сенімді серіктесіне айналды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бүгiн, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?