Бүгiн, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев атом энергетикасы тақырыбы тек бір ведомство немесе сала шеңберінде шектеліп қалмауы тиіс екенін атап өтті. Мемлекет басшысы бұл бағыттағы жұмысты жалпыұлттық міндет ретінде қарастыру керектігін айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ядролық энергетиканың негізін қалау – ауқымды жалпыұлттық міндет. Атом генерациясы ең таза қуат көздерінің бірі саналатынына қарамастан, АЭС құрылысында барлық экологиялық норманы сақтау – басты талап. Ғылыми және қоғамдық ұйымдармен конструктивті ықпалдастықты жолға қою маңызды. Азаматтарымыздың белгілі бір бөлігінде радиофобия бар. Одан арылу үшін кешенді түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, – деді президент.
Мемлекет басшысы атом энергетикасын дамыту барысында отандық бизнестің де мүддесі ескерілуі тиіс екенін атап өтті.
Атом жобаларын жүзеге асыру барысында жергілікті бизнестің мүддесін ескеріп, отандық үлестің деңгейін барынша қамтамасыз ету керек. Кәсіпорындарымызда аталған саланың жоғары стандарттарына сай өнім шығару үшін ғалымдардың, инженерлер мен өнеркәсіп мамандарының күш-жігерін жұмылдырған жөн. Ядролық энергетика кең бейінді кәсіптік техникалық мамандар даярлауға тың серпін береді. Біз техникалық білім беру саласы дамыған цифрлық державаға айналуымыз керек. Бұл – ұлттық болмысымызға қатысты өте маңызды мәселе. Осы бағыттағы жұмыс үздіксіз жалғаса береді, – деді Тоқаев.
Президент Ахмет Байтұрсыновтың «Ғылым мен өнер артқан сайын бейнет кеми түседі» деген сөзін мысалға ала отырып, ғылым мен білімді қоғамның негізгі құндылықтарының біріне айналдыру қажеттігін ерекше атап өтті.
Ғылыми жетістіктерді барлық салада жаппай пайдалану қажет. Ғылымсыз ештеңе де берекелі болмайды. Бұл анық нәрсе. Ал білім болмаса, қараңғылық пен надандық белең алады. Сондықтан қоғамда ғылым-білім культін орнықтыру қажет. Лайықты ғалымдарды, әсіресе, жас мамандарды қосымша қаржыландыру керек, – деді мемлекет басшысы.
Бүгiн, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова