19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған 2025 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Турнир Дубайда (БАӘ) өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/16 финалда ол Замбия өкілі Джеральд Кабиндамен кездесті. Үздіксіз шабуыл алмасқан айқаста Төлтаев төрешілер шешімімен жеңіске жетті - 4:1. Осы нәтижеден кейін 2019 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері және 2025 жылғы Қазақстан чемпионы келесі кезеңге жолдама алды. Ал оның қарсыласы әлемдік сынның осы кезеңінде жарыс жолын аяқтады.
Әлем чемпионаты-2025 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 8,32 миллион доллар.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары