30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚостанайдың «Тобылы» УЕФА Конференциялар лигасы үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчында Сербияның «Партизанынан» 3:0 есебімен жеңілді.
Кездесу Белградтағы «Партизан» стадионында өтті. Алаң иелері ойын тізгінін алғашқы минуттардан өз қолына алып, үзіліске дейін есеп ашты. 33-минутта бұрыштамадан кейін сенегалдық шабуылшы Демба Сек дәл соққы жасап, командасын алға шығарды.
Екінші таймда сербиялық клуб шабуылын үдетіп, 65-минутта ганалық жартылай қорғаушы Зубайру Ибрахим есеп айырмасын ұлғайтты. Ал матчқа қосылған уақытта Шака Траоре үшінші голды соғып, ойынның қорытынды есебін белгіледі – 3:0.
Матчтан кейін «Партизанның» бас бапкері Саша Илич өз командасының ойынына жоғары баға беріп, жанкүйерлердің қолдауын ерекше атап өтті.
Бүгін біз қарсыластан мықты болдық, көптеген қауіпті сәттер жасадық. Команда кейбір кезеңдерде өте сапалы ойын көрсетті. Дегенмен әлі де түзетуіміз қажет ұсақ қателіктер бар, – деді Илич.
Өз кезегінде «Тобылдың» бас бапкері Мирослав Ромащенко қарсыластың ойыны күтпеген жаңалық болмағанын айтты. Оның сөзінше, қазақстандық клуб «Партизанның» орталық арқылы шабуылдарын тоқтатуға тырысқанымен, жіберілген жеке қателіктер матч тағдырына әсер еткен.
Қарсылас бізді ештеңемен таңғалдырған жоқ. Біз олардың ойын мәнерін жақсы білдік. Алғашқы голды стандартты жағдайдан жіберіп алдық, кейінгі екі гол да өз қателігімізден болды. Мұндай голдарды өткізуге болмайды. Сондықтан бұл нәтижеге өзіміз кінәліміз, – деді Ромащенко.
Сондай-ақ ол Белградқа сапардың команда дайындығына ешқандай кері әсер етпегенін атап өтті. Бапкердің айтуынша, футболшылардың қалпына келуі мен матчқа дайындалуына жеткілікті уақыт болған.
Екі команда арасындағы қарымта кездесу 13 тамызда Қостанайда өтеді. Қос матчтың жеңімпазы Конференциялар лигасының плей-офф кезеңіне шығып, Испанияның «Хетафесімен» кездеседі. Ал жеңілген команда еурокубок маусымын аяқтайды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды