22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды«Титаник» жолаушысының лайнер бортында жазылған хаты Уругвайдағы аукционда 12 мың долларға сатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
EFE агенттігі жұма күні мәлім еткендей, 1912 жылы 11 сәуірде жазылған хатты ағасына уругвайлық Рамон Артагавейтия Гомес жазған. Бұл хат «Титаниктің» соңғы аялдамасы – Ирландиядан жолданған. Бұдан әрі лайнер Атлант мұхитынан өтуге аттанып, апатқа ұшарады. Zorilla аукцион үйінің сайтында жазылғандай, кейін Артагавейтия Гоместің ағасы хаттың бір бетіне былай деп жазып қойған: «Менің сүйікті ағам Рамонның маған жазған соңғы хаты. Үш күннен кейін «Титаник» апатқа ұшырады, ол суға батып кетті«.
Infobae интернет-порталының хабарлауынша, лот бастапқы бағасына сатылды. Сатып алушының аты-жөні жарияланған жоқ.
«Титаник» 1912 жылғы сәуірдің 14-інен 15-іне қараған түні айсбергпен соқтығысып, суға кетті. Ұлыбританияның Саутгемптон қаласынан Нью-Йоркке дейінгі алғашқы рейсіне шыққан кемеде барлығы 2224 адам болды, олардың 1513-і қаза болды. Кеме сынықтары 1985 жылы Канаданың Ньюфаундленд жағалауынан 600 км қашықтықта 3,8 км тереңдікте табылды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев