29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАлматыда TikTok-та онлайн бәс тігу арқылы құмар ойындарды ұйымдастырғандар сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еске сала кетейік, бұған дейін ҚМА Алматы қаласы бойынша Департаменті әлеуметтік желіде құмар ойындарды тарату бойынша қызметтің жолын кескен болатын.
Тергеу барысында азаматтардың 4 ай ішінде 13 млн теңгеге жуық сомаға ірі мөлшерде табыс табумен үлескен стримдар ұйымдастырғаны дәлелденді.
Аталған екі азамат кінәлі деп танылып, 1,5 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылды.
Заңсыз ойын бизнесі саласындағы дәл осындай құқық бұзушылықтар үшін 19 млн теңгеден астам аса ірі мөлшерде табыс тапқан төрт адамға сот 4 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды.
Құрметті азаматтар! Әлеуметтік желілерде құмар ойындарды ұйымдастыру заңсыз болып табылатынын және ҚР «Ойын бизнесі туралы» заңының нормаларына қайшы келетінін еске саламыз, - делінген ҚМА хабарламасында.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек