19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?«Реал Мадрид» пен Бельгия ұлттық құрамасының негізгі қақпашысы Тибо Куртуа жарақатына байланысты Қазақстанмен өтетін Әлем Чемпионатының іріктеу кезеңіндегі соңғы матчқа қатыспайтын болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Куртуа жарақатын Испания чемпионатының 12-турында, «Райо Вальеканоға» қарсы өткен кездесуде алған болатын. Тізесіндегі ауырсынуға байланысты 15 күнге жаттығу процесінен шеттетілген.
Мадридтік ұжым дәрігерлерінің мәліметінше, қақпашының жарақаты ұзақ уақыттық үзілісті қажет етпейді, бірақ тәуекелге бармау үшін ол ұлттық құраманың қарашадағы матчтарына қатыспайды.
Бельгия құрамасының бас бапкері Доминико Тедеско Куртуаның орнына «Брайтон» қақпашысы Барт Вербруггенді шақырған. Қазақстан мен Бельгия арасындағы кездесу 15 қараша күні Астанада өтеді.
Айта кетейік, Тибо Куртуа биылғы маусымда ұзақ уақыт жарақаттан кейін ғана алаңға оралған болатын. Ол өткен маусымның басында ауыр тізе жарақатын алып, бірнеше ай бойы ойыннан тыс қалған еді.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары