Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыTesla қолданушылары компаниядан бірнеше жылдан бері электрлі велосипед (e-bike) шығаруды сұрап келеді. Алайда Tesla ұсынған жаңа өнім көпшіліктің күткенінен мүлде өзгеше болды. Компания балаларға арналған Balance Bike for Kids тепе-теңдік велосипедін таныстырды.
Electrek.co мәліметінше, оның электр қозғалтқышы да, педалі де жоқ. Бұл велосипед 2-5 жас аралығындағы балаларға арналған және Tesla-ның ресми интернет-дүкенінде 225 АҚШ долларына сатылуда.
Tesla-ның екі доңғалақты электр көлігін шығаратыны туралы әңгімелер жылдар бойы толастамады. Әлеуметтік желілерде жанкүйерлер жасаған түрлі концепт-дизайндар жарияланып, «Tesla Model B» деп аталатын электрлі велосипед туралы қауесеттер жиі тарады. Сауалнамаларда да көптеген тұтынушылар Tesla шығарған электр велосипедін сатып алуға қызығушылық білдірген.
Компанияның бас директоры Илон Маск бұл идеяны бірнеше рет жоққа шығарғанымен, кей кездері оған қызығушылық танытқандай пікірлер айтып, жанкүйерлердің үмітін үздірмеген.
Дегенмен, Tesla әзірге ересектерге арналған электр велосипедін емес, велосипед тебуді енді үйреніп жүрген бүлдіршіндерге арналған модельді таңдады.
Балаларға арналған
Balance Bike for Kids – балалардың тепе-теңдік сақтау қабілетін дамытуға арналған велосипед. Мұндай үлгілерде педаль мен жетек жүйесі болмайды. Бала велосипедті аяғымен жерден итеріп қозғалады. Бұл кейін кәдімгі велосипедке оңай ауысуға көмектесетін тиімді тәсілдердің бірі саналады.
Жаңа модельдің негізгі сипаттамалары:
жеңіл магний қорытпасынан жасалған рама;
бес деңгейге реттелетін орындық;
алдыңғы жағында Tesla-ның «T» логотипі, бүйірінде компания атауы;
жинақтау үшін қажетті құралдардың барлығы қораптың ішінде беріледі.
Құны қанша?
Велосипед аяқтың ішкі ұзындығы кемінде 34,8 сантиметр болатын балаларға арналған. Ең жоғары көтеретін салмағы – шамамен 35 келі.
225 долларлық баға көптеген қолданушылардың пікірталасына себеп болды. Себебі нарықтағы көптеген тепе-теңдік велосипедтерінің құны 50-120 доллар аралығында.
Мысалы, Hornit AIRO магний рамалы моделі шамамен 73 доллар тұрса, Strider 14x Sport – 220 доллар, ал Woom 1 – 249 доллар тұрады.
Осылайша Tesla өз өнімін нарықтағы ең қымбат балалар велосипедтерімен бір деңгейде бағалаған. Сарапшылардың пікірінше, мұнда сатып алушы негізінен техникалық ерекшеліктер үшін емес, Tesla брендінің атауы үшін қосымша ақы төлейді.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды