19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Депутат Дәулет Мұқаев әлеуметтік желіде ауылдардың біріндегі жедел жәрдем көлігінің видеосын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кадрларда жедел жәрдем көлігінің терезесі жоқ екені, алдыңғы терезесі көрпешемен жабылғаны, тіпті медицина қызметкерлері көліктің алдыңғы есігін қасықпен ашып жатқаны көрінеді. Видеодағы адам бұл көліктің жағдайы қашан шешілетінін сұраған. Көліктер Арал ауданы Сексеуіл кентіндегі медициналық мекемеге тиесілі болған.
Бұл көліктер 2008, 2014 және 2017 жылдардан бастап халық игілігіне берілген. Әлеуметтік желіде тараған видеодағы жедел жәрдем емхана көліктерінің уақытша істен шығуына байланысты жұмыс тоқтап қалмау үшін берілген, - дейді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда емхананың көліктері жөндеуден өтіп, өз қызметтерін жалғастыруда. Ауданның ауруханасына биыл үш санитарлық медициналық көлік қарастырылып, оның біреуі Сексеуіл медициналық ұйымына берілу жоспарланған. Алдағы уақытта бұл мәселе оңтайлы шешімін табатындығын жеткіземіз, - дейді ведомстводағылар.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары