30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыИспанияның Кордова қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Davis Cup Juniors Finals турнирінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы үздік ондықтың қатарына енді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметіне сүйенсек, қазақстандық жасөспірімдер командалық әлем чемпионатына алғаш рет қатысқанына қарамастан барынша табысты өнер көрсеткен.
Алдымен мықты құрамалар жиналған В тобында қазақстандықтар үшінші орынға ие болды.
Бұл топтағы бәсекелестіктің жоғары болғанын Италияның финалға шыққанынан аңғаруға болады.
Италиялықтар финалдық кездесуде Чехиямен алтын жүлдені сарапқа салады.
Бастапқы кездесуінде қазақстандықтар 2012 жылғы әлем чемпионы Италияға 1:2 есебімен есе жіберді.
Содан кейін оңтүстіккореялықтардан 2:1 есебімен басым түсті.
Шешуші ойында Davis Cup Juniors жарысының алты дүркін жеңімазы Испанияға жол берді. Қорытынды есеп – 1:2.
Қосымша турнирде қазақстандықтар Перуді 2:0 есебімен тізе бүктірді.
Содан кейін өткен жылғы әлем чемпионы Бразилияны 2:1 есебімен жеңді.
Бүгін Қазақстан 9-орын үшін Аргентина құрамасымен таласады.
Командалық әлем чемпионатында ел намысын Әмір Омарханов, Заңғар Нұрланұлы, Дамир Жалғасбай қорғады.
Құрама капитаны - Сергей Квак.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды