Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБиыл теннистен ел намысын қорғайтын Қазақстан жасөспірімдер құрамасы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, елордада Ұлттық теннис орталығында жасөспірімдер арасында Davis Cup 16&under, Billie Jean King Cup және World Junior Tennis Competition 14&under турнирлеріне іріктеу сайыстары мәреге жетті.
Бес күнге созылған жарыс қорытындысында көктемде 14 және 16 жасқа дейінгілер арасында командалық әлем чемпионатының іріктеу сайысына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды.
Сонымен, 16 жасқа дейінгі ұлдар:
1.Әмір Омарханов (Қарағанды)
2.Заңғар Нұрланұлы (Түркістан)
Үшінші ойыншы кейін анықталады.
Қыздар:
1.Іңкәр Дүйсебай (Алматы)
2.Полина Слепцова (Алматы)
3.Ариана Гогулина (Астана).
14 жасқа дейінгі ұлдар:
1.Ярослав Пшеничный (Астана)
2.Мансұр Сайынов (Ақтөбе)
3.Михаил Мищенко (Алматы).
Қыздар:
1.Ева Корышева (Ақтөбе)
2.Еркежан Жаңатаева (Алматы)
3.Сабина Шухратова (Шымкент).
Davis Cup 16&under, Billie Jean King Cup іріктеу сайыстары алғаш рет Қазақстанда, Шымкент қаласында өтеді. Ал World Junior Tennis Competition жарысына Малайзияда, Кучинг қаласында іріктеледі.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Астанада әйелдер арасында теннистен екі ірі халықаралық жарыс өтетінін жазған болатынбыз.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?