Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТеннистен Қазақстанның әйелдер құрамасының «Билли Джин Кинг кубогына» қатысатын құрамы жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ярослава Шведова бастаған жаттықтырушылар штабы мына ойыншыларға сенім артып отыр: Елена Рыбакина (WTA-ның жекелей рейтингінде бесінші орында), Юлия Путинцева (WTA-да 68-нөмір), Анна Данилина (WTA жұптық рейтингінің 32-нөмірі), Жібек Құламбаева (WTA жұптық рейтингінің 154-нөмірі) және Аружан Сағандықова (WTA жекелей рейтингінің 743-нөмірі).
Жеребе бойынша Қазақстан құрамасы «В» тобына түсіп, Словения мен Австралия командаларымен ойнайды. Австралиялықтар – былтырғы әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері, өз тарихында 7 рет әлем үздігі атанған.
Billie Jean King Cup турнирі 7-12 қараша аралығында Севильяда (Испания) өтеді. Қазақстаннан басқа әлем біріншілігіне тағы 11 команда қатысады: Швейцария (2022 жылғы Billie Jean King Cup жеңімпазы), Австралия, Франция, Канада, Чехия, Италия, АҚШ, Испания, Словения, Германия және Польша.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?