Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша өтіп жатқан әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан жасөспірімдері ширек финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, қазақстандықтар D тобында екінші кездесуін Тайбэй құрамасымен өткізді Алдымен Заңғар Нұрланұлы Ванг Чунды 6:2, 6:2 есебімен ұтты. Содан кейін Әмір Омарханов Жу Фенгті жеңді – 6:4, 6:0.
Жұптық сында Әмір Омарханов пен Дамир Жалғасбай қарсыластарының осал тұсын тапты – 6:3, 6:4.
Осылайша 3:0 есебімен жеңіске жеткен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы мерзімінен бұрын ширек финалға жолдама алды.
Өзбекстанмен өтетін матчта топта кімнің бірінші орын алатыны шешіледі. Ширек финал жеребесі бүгін, 10 мамыр күні, кешкісін тартылады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді