Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыШымкент қаласында 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Билли Джин Кинг кубогінің Азия - Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы мерзімінен бұрын ширек финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ярослава Шведованың шәкірттері А тобында Индонезия құрамасын 3:0 есебімен жеңді.
Алдымен Ева Корышева бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде Наомиді тас-талқан қылды - 6:0, 6:0.
Ариана Гогулина Синклердің мысын басты - 6:4, 6:2.
Жұптық сында Гогулина Альбина Кәкеновамен бірге командаға үшінші ұпайды әперді - 6:0, 6:2.
Қазақстан құрамасы 15 мамырда Жапониямен ойнайды. Осы матчта қай команданың А тобынан бірінші орынмен ширек финалға шығатыны белгілі болады. Жапониялықтар да Қазақстан секілді мерзімінен бұрын ширек финалға жолдама алды.
Іріктеу турнирінде жартылай финалға шыққан төрт команда әлем чемпионатына барады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді