Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекШымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия – Тынық мұхиты аймағы бойынша өтіп жатқан Juniors Davis Cup әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан жасөспірімдері Жаңа Зеландияны 3:0 есебімен ұтты. Бұл туралы Теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Жасөспірімдер командасы D тобында бастапқы кездесуінде Жаңа Зеландия құрамасымен шеберлік байқасты. Алдымен Заңғар Нұрланұлы 58 минутта Фин Уилманды тізе бүктірді – 6:0, 6:1.
Әмір Омарханов та қалыспай, Кай Милборнды 6:1, 6:2 есебімен ұтты. Содан кейін Әмір Дамир Жалғасбаймен бірге жұптық сында қарсыластарын қапы қалдырды – 6:3, 6:2.
Ертең, 9 мамыр күні қазақстандықтар Қытайлық Тайбэй командасымен кортқа шығады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?