28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазақстандық теннисші Денис Евсеев Азия ойындарының ширек финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Дүниежүзілік рейтингте 261-орында тұрған Евсеев үшінші айналымда әлемнің 184-інші, Азиаданың 6-ракеткасы, Тайбэй өкілі Тун-Лин Вумен шеберлік байқасты.
Теннис федерациясының мәліметінше, қазақстандық теннисші екі сағаттан астам уақытқа созылған тартысты матчта бірінші партияда 2:6 есебімен есе жібергенімен, содан кейін таразы басын өзіне аудара білді – 6:3, 6:4.
Денис Евсеев жартылай финалға шығу үшін әлемнің 78-інші, доданың 2-ракеткасы, жапониялық Йосуке Ватанукимен таласады.
Евсеев – теннистен Қазақстанның Азиадада қалып отырған жалғыз үміті. Басқаларының бәрі жекелей және жұптық сында жарыс жолынан шығып қалды.
Соның ішінде рейтингте 297-сатыдағы Бейбіт Жұқаев әлемнің 159-ракеткасы, үндістандық Сумит Нагалға 6:7 (9:11), 4:6 есебімен жол беріп, ширек финалға шыға алмады.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?