19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 35-тен 36-ға сырғыды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тимофей Скатов 134-тен 190-ға құлдырады. Есесіне басқа теннисшілер көрсеткіштерін едәуір жақсартты. Михаил Кукушкин 245-тен 211-ге, Денис Евсеев 260-тан 240-қа көтерілді.
Бейбіт Жұқаев бірден 53 сатыға жоғарылап, 302-ден 249-ға жайғасты.
Жұптық сында Александр Недовесов 45-тен 43-ке, Андрей Голубев 65-тен 62-ге шықты.
Қазақстанның әйелдер арасында бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингісінде 5-орында қалса, Юлия Путинцева 68-ден 66-ға көтерілді.
Жұптық сында Анна Данилина 32-сатыда тұрса, Рыбакина 116-дан 115-ке ауысты. Жібек Құламбаева 154-тен 157-ге төмендеді.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары