19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Теңіз жаяу әскерлері бригадасының әскери қызметшілері Республика күніне орай мемлекеттік туды көтеру салтанатты рәсіміне қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Маңғыстау облыстық Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Салтанатты шара мемлекеттік туды көтеруден, сондай-ақ мемлекеттік әнұранды орындаудан басталды.
Құрметті теңіз жаяу әскерлері, осы мереке күні жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт, бейбітшілік пен келісім, еңбекте табыс, жаңа жетістіктер, тұрақтылық пен бірлік тілеймін. Республикамыздың Қарулы Күштері әрқашан алға қойылған міндеттерді орындайтынына сенімдімін, - деді теңіз жаяу әскерлері бригадасының командирі подполковник Бердімұрат Әбибуллаев.
Айта кетейік, бөлім басшылығы ұлттық мерекеге орай ерекше көзге түскен әскери қызметшілер мен мерзімді қызмет сарбаздарын мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапаттады.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары