29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыДубайда өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында бүгін ширек финалдық кезеңнің жекпе-жектері басталды. Күннің алғашқы айқасын 48 келі салмақта ел намысын қорғаған Теміртас Жүсіпов өткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тәжірибесі мол 37 жастағы қазақстандық боксшы непалдық Лал Прасад Упретимен қолғап түйістіріп, қарсыласын айқын басымдықпен жеңді.
Еске салайық, Теміртас 1/8 финалда үндістандық Девендра Сингх Соланкиді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен ұтқан еді.
Осы жеңісі арқылы Жүсіпов әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алып, кем дегенде қола медальді қоржынға түсірді.
Теміртастың жекпе-жегі күні бойы жалғасатын қазақ боксшыларының ширек финалдық марафонының бастауы ғана. Бүгін тағы тоғыз отандасымыз шаршы алаңға шығады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек