Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрБүгін Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында басталған самбодан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорттық самбодан аса ауыр салмақтағы Темірлан Көлбай (+98 кг) финалда моңғолиялық спортшы Пуревдорж Дамдинчуреннен басым түсті. Отандасымыз жарыс барысында Кеничи Накаяма (Жапония), Бред Флорес (Гондурас), Нұрбек Тураевты (Өзбекстан) жартылай финалда Степан Солдатенковты (FIAS) ұтқан.
Сондай-ақ бүгін Қазақстан құрамасының спортшылары 4 қола жүлдеге ие болды.
Спорттық самбо: Армат Қабдолов (58 кг), Арайлым Әбенова (+80 кг)
Жауынгерлік самбо: Құралай Кабрайқызы (54 кг), Маратбек Рахметоллин (64 кг);
Биылғы самбо бәсекесіне 80 мемлекеттен 470 спортшы жиналды. Ал еліміздің намысын 28 отандасымыз қорғайды. Жалпы 10 қарашаға дейін жалғасатын додада спорттық және жауынгерлік самбодан бөлек, зағип жандар (SVI-1) 31 жүлде жиынтығын сарапқа салатын болады.
Биылғы әлем чемпионатының ерекшелігі - әйелдер арасында жауынгерлік самбо мен зағиптардың сайысы бірінші мәрте енгізілуі.
ӘЧ-ның жалпы жүлде қоры 311 мың АҚШ доллары (1-орын - 4 000 доллар, 2-орын - 3 000 доллар, 3-орын - 2 000 доллар және зағиптар арасындағы чемпион - 1 000 доллар).
Осыған дейін Астанада 2005 жылы қарашада спорттық самбодан әлем чемпионаты өтіп, Ұлттық құрама 1 алтын, 3 күміс, 6 қола медаль жеңіп алған.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова