10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАлматыдағы NGS жекеменшік мектебінде тамаққа байланысты жанжал туындады. Балаларға "FoodMaster" компаниясының көгеріп кеткен йогурттары берілген , деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мектеп әкімшілігі наразы ата-аналарға йогурттардың жарамдылық мерзімі әлі өтпегенін және қоймадағы сақтау шарттары барлық талаптарға сәйкес келетінін мәлімдеді.
Тексеру нәтижесінде өнім қаптаманың тігісіне түсіп, йогурт ағып кеткен деген қорытындыға келді. Өндіруші компания қызметкерлерді жоспардан тыс оқытуға және орау машиналарын қосымша тексеруге уәде берді.
Йогурттың көгеріп кету себептерінің бірі – NGS мектебіне жеткізілгенге дейін тасымалдау және сақтау кезінде температура режимінің сақталмауы. Компания сапасыз өнімді жеткізгені үшін мектептен ресми түрде кешірім сұрады.
Айта кетейік, Алматы облысы Қарасай ауданындағы Жандосов атындағы орта мектепте бастауыш сынып оқушыларына тегін түскі асқа жарамдылық мерзімі 2 жыл бұрын өтіп кеткен йогурт бергенін жазған едік.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді