Елімізде Халықаралық балаларды қорғау күні дәстүрлі түрде тойланады. Әсіресе, елордада ересектерге де, балаларға да арналған қызықты әрі мазмұнды бағдарламасы бар мерекелік іс-шаралар өтеді. Биыл да бұл үрдіс жалғасады.
Астана әкімдігінің хабарлауынша, мерекелік бағдарлама алты блоктан тұрады. Әрқайсысы белгілі бір жас санатындағы балалардың қызығушылығына сай әзірленген.
Алғашқы «Бесік әлемі» блогы үш жасқа дейінгі бүлдіршіндерге арналған:
- 1 маусым күні Жастар саябағында дәстүрлі «Арба FEST» арбалар шеруі өтеді.
- Президент саябағында еңбектейтін сәбилерге арналған «Шапшаң бөбек» спорттық жарысын тамашалауға болады.
- Сондай-ақ қала саябақтарында «Бақыт мекені» отбасылық фотоаймақтары мен «Бала әлемі» дамытушы ойын алаңдары ұйымдастырылып, мерекелік көңіл күй сыйлайды.
Бағдарламаның екінші «Балапан әлемі» блогы 3-6 жас аралығындағы балаларға арналған:
- 25 мамыр мен 1 маусым аралығында кішкентай астаналықтарға судағы, көшедегі және интернеттегі қауіпсіздік ережелері қарапайым форматта түсіндірілетін танымдық әрі ойын іс-шаралары өтіп жатыр.
- 1 маусым күні III Халықаралық клоундар фестивалі өтеді. Сағат 12:00-де фестивальге қатысушылар «Бәйтерек» монументі маңынан бастап Ғашықтар саябағына дейін шеру жасайды. Саябақ «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының қарсы бетінде орналасқан. Ал сағат 17:00-де Амфитеатрда фестиваль әртістерінің қатысуымен концерт өтеді.
- Осы күні сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін қалалық емханалар балаларды тіс дәрігерлерінің профилактикалық тексеруінен өткізу бойынша ашық есік күнін ұйымдастырады.
Үшінші «Білім мен арман әлемі» блогы – 7-10 жас аралығындағы балаларға арналған.
- 30 мамыр күні сағат 11:00-де Жерұйық-2 саябағында (Достық үйінің артында)«Бақытты шаңырақ» ерекше балаларға арналған «Бақытты бала» мерекелік іс-шарасы;
- 1 маусым күні сағат 12:00-де Кірпішті тұрғын алабында дәстүрлі «Көңілді старттар» басталса, бір сағаттан кейін осындай іс-шара Өндіріс тұрғын алабында ұйымдастырылады.
- Сағат 15:00-де «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында балалар сән көрсетілімі өтеді. Сағат 10:00-де №64 мектеп-лицейінде «Әлем балалар көзімен» атты ашық аспан астындағы шығармашылық байқау ұйымдастырылады.
- Осы күні Техникалық және көркем шығармашылық орталығында балалар жұмысының көрмесі мен «Баршаға қуаныш сыйлаймыз» шеберлік сабақтары өтеді. Сонымен қатар сағат 10:00-де Қалалық алаңда концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.
Төртінші «Жас өркен» блогы – 11-14 жас аралығындағы балаларға арналған:
- 25 мамыр мен 1 маусым аралығында сағат 11:00-де Орталық саябақта, Президент саябағында және «Жетісу» саябағында «Бақытты балалық үшін» іс-шарасы;
- 29 мамыр күні сағат 16:00-де Есіл жағалауындағы Амфитеатрда «Жасыл ел» жазғы еңбек маусымының салтанатты;
- 25-31 мамыр аралығында қалалық полиция департаменті балаларға кинологиялық орталыққа экскурсия;
Сағат 10:00-де М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы алаңында «Bala energy» open-air фестивалі өтеді. Осы уақытта «ARQA ALAN» ұлттық спорт түрлерін дамыту орталығында «Ethno Games АрқаLan» фестивалі ұйымдастырылады.
Бағдарламаның бесінші «Болашаққа қадам» блогы жасөспірімдерге арналған:
- 1 маусым күні елордада «Astana FIDA Drone Soccer Championship» халықаралық дрон-футбол чемпионаты;
Сағат 11:00-ден 15:00-ге дейін Амфитеатр сахнасында «QosymshaFest» фестивалі;
Осы уақытта әкімдік алдындағы қалалық алаңда опера және балет театрымен бірлескен «Түрлі-түсті мозайка» байқауы өтеді.
Ең ауқымды алтыншы «Бақытты отбасы» блогы отбасылық құндылықтарға арналған:
- 28 мамырда Паралимпиадалық жаттығу орталығында балалар арасында спорттық-ойын-сауық жарысы;
- 29 мамыр күні MEGA Silk Way сауда-ойын-сауық орталығында «Шекарасыз денсаулық» акциясы;
- 29 мамыр күні сағат 11:00-де Абай даңғылы бойындағы «Қаламгерлер» аллеясында ерекше балаларға арналған «Ұрпақтар сабақтастығы» қайырымдылық концерті;
- 30 мамыр күні дәл осы жерде құтқарушылар судағы қауіпсіздік бойынша шеберлік сабағы;
- 30 мамыр күні сағат 10:00-де Президент саябағында «Экомамафест 2026» отбасылық іс-шарасы;
- 30-31 мамыр күндері «Жетісу» саябағында тұрғындар мен қала қонақтарына арналған «БөпеFair» балалар фестивалі;
- 31 мамыр мен 3 маусым аралығында елорданың алты ауданының балалары арасында «Көңілді старттар» жарысы;
- 1 маусым күні сағат 09:00-де Орталық саябақтағы шаңғы-роллер трассасында Хспорттық Kids RUN жарысы;
- Осы күні Президент саябағында жас отбасылар «Отбасы – бақыт мекені» сурет салу курсы;
- Бір сағаттан кейін Ailand отбасылық демалыс орталығында мерекелік концерті өтеді.
Сонымен қатар мереке қарсаңында абаттандырудан кейін жаңартылған балалар аула алаңдарының салтанатты ашылуы жоспарланған. Жаңартылған балалар ойын және жаттығу аймақтары бар аулалар Республика даңғылы, 2/2, Абай даңғылы, 34, 49, 51, Ғабдуллин көшесі, 17/1, Жүргенов көшесі, 18/2, Әзірбаев көшесі, 6, Қошқарбаев даңғылы, 60, Күмісбеков көшесі, 7/1, Жеңіс даңғылы, 5 және Ирченко көшесі, 31 мекенжайларында ашылады.
Концерт қайда өтеді?
Промышленный, Интернациональный, Мичурино және Күйгенжар тұрғын алаптарындағы қоғамдық кеңістіктерде сағат 11:00-ден бастап балаларға арналған концерттер мен интерактив бағдарламалар өтеді.
- Сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін Президент саябағында ойындар, байқаулар мен аниматорлар қатысатын мерекелік бағдарлама;
- Сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін Қоғамдық қор «Ерекше мерекелер» қатысуымен ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың концерті өтеді. Одан кейін осы жерде «Bolashak» инклюзивті театрының сән көрсетілімі;
- Сағат 11:00-де елордада «Береке Астана» оңалту орталығының салтанатты ашылуы;
- Осы уақытта Орталық саябақта, Ұлттық теннис орталығы маңында «Bala Fest» балалар спорттық ойындары фестивалі;
- 2 маусым күні сағат 19:00-де Жастар сарайы ғимаратында Балаларды қорғау күніне және «Отбасылық аула клубы/Замандас жастар коворкингі» жобасының 15 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтеді.
Бұдан бөлек, 1 маусымнан бастап қала бойынша мектеп жанындағы лагерьлер жұмысын бастайды.