20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕлімізде театр өнерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жексенбіде елордалық «Жастар» театры қойған «...Адасқан ұлыңды жазғыра көрме, Жаратқан!» атты спектакльдің премьерасына бардым, сондай-ақ шығармашылық ұжыммен кездестім. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Ермек Аманшаев пен сценарист Нариман Төребаев жазған бұл пьеса ұрпақтар сабақтастығы, әке мен баланың өзара қарым-қатынасы және ата-аналардың өскелең ұрпақтың өміріндегі рөлі сияқты өзекті тақырыптарды қозғайды. Спектакльдің қоюшы-режиссері ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай, - деп жазды министр.
Министрдің айтуынша, елімізде театр өнерін дамыту - алдағы уақытта атқаратын жұмыстың басты бағыттарының бірі.
Біз отандық авторлардың қойылымдарының санын 600-ге дейін арттырып, театрды көрермендер үшін де, қазақстандық жас драматургтер үшін де қолжетімді еткіміз келеді. Өйткені, адамдардың театрға қызығушылығы жылдан жылға артып келеді. Ал қашанда айтары бар, көрермендерге ой салатын премьералар қоғам үшін ерекше маңызға ие, - деп жазды Асхат Оралов.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?