13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз
Атырау облысының Теңіз кен орнындағы жарылыс құбырдың фланецті қосылысының үзілуінен болған. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс бөлімінен мәлім етті, – деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
6 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 9:55-те Теңіз кен орнында жарылыс болып, екі адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.
Жарылыс Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан 150 шақырым қашықтағы Теңіз кен орнында болған. Жарылыстың салдарынан үш адам жарақат алған.
– Теңіз кен орнындағы 3-буын зауытының 42-учаскесінде гидротест жүргізу кезінде құбырдың фланецті қосындысы үзілген. Аталған жобаны іске асыратын мердігер компания – «Сенімді Құрылыс» ЖШС-де жұмыс істейтін 1985 жылғы ер адам оқиға орнында қаза тапты. Кейін «Теңізшевройл» ЖШС-не қарасты медициналық клиникада «Агропром техника» ЖШС-нің бір жұмысшысы қайтыс болды. Оның жасы – 37-де, – деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Кен орнындағы жарылыстан үш адам зардап шеккен. Олар – Onstream Kazakhstan, «Сенімді Құрылыс» және «Мұқан сервис» ЖШС-нің жұмысшылары. Зардап шеккендер – 29 және 26-жастағы ер адамдар.
– Жарақат алған жұмысшының бірі – Onstream Kazakhstan ЖШС-нің 26 жастағы ер адам «Теңізшевройл» ЖШС-нің әуе кемесімен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. Қазір науқастың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Науқас облыстық аурухананың хирургия бөлімшесіне жатқызылды, – деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.
Еске сала кетелік, бұған дейін Теңіз кен орнында жарылыстан жарақат алғандардың екеуі ауруханаға жеткізілгенін, кейін жарылыстан зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетілетінін жазған едік.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды