Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТәжікстанда 14 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салу жөнінде ұсыныс айтылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл қоғамда үлкен талқылау тудырды: біреулер мұны балаларды қорғау үшін қажет десе, енді біреулер мұндай шектеулердің пайдасы аз деп санайды. Алайда ата-аналар қазірдің өзінде баласының интернеттегі уақытын өздері бақылай алады. Ол үшін Google-дың Family Link атты тегін қосымшасы бар.
Family Link ата-ананың телефоны мен баланың смартфонын байланыстырып, экран алдында өткізетін уақытты шектеуге, жүктелетін қосымшаларды тексеруге және көретін сайттарын бақылауға мүмкіндік береді. Қосымша Google Play мен App Store-дан жүктеп алынады.
Бұл бағдарлама негізінен 13 жасқа дейінгі балаларға арналған. Осы жаста қосымша автоматты түрде қауіпсіздік фильтрлерін қосады. Ал 13 жастан кейін жасөспірім аккаунтын өзі басқара алады, бірақ ата-аналар уақыт шектеу сияқты кейбір бақылау функцияларын қалдыра алады.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді