28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарТәжікстанның Сыртқы істер министрлігі өз азаматтарына жақын арада Ресейге бармауға кеңес берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл хабарлама ведомствоның Telegram-арнасында жарияланды.
Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ел азаматтарына аса қажет болмаса, Ресей аумағына көліктің барлық түрімен барудан уақытша бас тартуды ұсынады,-делінген хабарламада.
Тәжікстан тарапы мұндай ескертудің нақты себебін айтпаған.
Еске салсақ, 22 наурызда Мәскеудегі "Кроус Сити Холл" кешенінде терактілік әрекет болды. Қаруланған бір топ адам концертке келген халыққа оқ жаудырды. Кейінірек ғимаратта жарылыс естіліп, соңы өртке ұласты.
Теракт жасады деген күдікпен Тәжікстан Республикасының бірнеше азаматы ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?