Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПрезидент «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшинді қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа холдингтің былтыр атқарған жұмысы туралы есеп беріліп, биылғы жоспары таныстырылды.
Басқарма төрағасының айтуынша, өткен жылы холдинг тарапынан 6 триллион теңгеге жуық қолдау көрсетілген. Оның 4,1 триллион теңгесі ірі, орта және шағын бизнеске, ал 1,9 триллион теңгесі тұрғын үй-құрылыс секторына бағытталған.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа былтыр холдингтің активтері 14,1 триллион теңгеге жеткені жөнінде баяндалды. Инвестициялық және несие портфелі 10,3 триллион теңгеге дейін ұлғайып, таза табыс 416 миллиард теңгені құрады. Рустам Қарағойшиннің айтуынша, бұл қаржыны холдингтің компаниялар тобы аясындағы бағдарламаларды іске асыруға жұмсау жоспарланып отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» базасында екі кепілдік қоры іске қосылғаны туралы мәлімет берілді. Оның бірі шағын және орта бизнесті қолдауға арналған, ал екіншісі құны 7 миллиард теңгеден асатын ірі жобаларды қаржыландыруды көздейді.
Бұдан бөлек, Президентке тікелей инвестиция тарту бойынша бірқатар бастама, соның ішінде шетелдік серіктестермен бірлескен қорлар арқылы ауыл шаруашылығы, өңдеу және тау-кен металлургиясы салаларында жобалар жүзеге асырылатыны жөнінде мәлімет берілді. Аталған қорлар «Астана» халықаралық қаржы орталығының юрисдикциясында құрылады.
Мемлекет басшысы еліміздің орнықты экономикалық дамуы үшін ұсынылып отырған бастамаларды орындаудың маңызын атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Бәйтерек» холдингіне екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, экономиканың нақты секторын қаржыландыруды, Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасын іске асыруға қаржы тарту мәселесін шешуді тапсырды. Президент алға қойылған жоспарларды тиімді іске асыру қажет екеніне баса назар аударды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?