Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек10 тамыз күні «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Маңғыстау облысында ауқымды сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық әкімдік мәліметінше, тазалық акциясына облыстың барлық қала, аудандарының тұрғындары, қоғам белсенділері, кәсіпкерлер, ірі компаниялар, көп балалалы аналар, мемлекеттік қызметкерлер мен депутаттар қатысты.
Ақтаудағы экологиялық іс-шара ерекше форматта ұйымдастырылды. Теңіз жағасына ағаш үйлер тігіліп, акцияға қатысушыларға ыстық шай мен ас ұсынылды. Тұрғындар үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Өнерлі тұрғындар күй мен жырдан шашу шашып, сенбілікке қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйласа, жастар жағы ән шырқап, шараның шырайын келтірді. Шаһар тазалығына үлес қосуға тұтас отбасымен келгендер де болды, - делінген мәліметте.
Сондай-ақ сенбілікте Каспий теңізінің асты да тазаланды. Теңіз астын тазалауға 3 сүңгуір жұмылдырылды.
Экологиялық акцияға облыс бойынша барлығы 3 мыңнан астам адам қатысып, 100-ге жуық техника жұмылдырылды. 300 тонна қоқыс шығарылды.
Ауқымды акцияны белсенді қолдауға көп балалы аналар, полиция қызметкерлері, депутаттар, белгілі спортшылар, паралимпиадашылар, дәрігерлер, экологтар мен энергетиктер, мәдениет саласының өкілдері қатысып, азаматтарды туған өлкені таза ұстауға, оны көркейтуге шақырды. Ал кәсіпкерлер мен ірі компания ұжымдары өз кәсіп нысанын, оның маңайын таза ұстау керек екенін жеткізді.
Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың айтуынша, қоршаған ортаны ұқыпты ұстау, табиғатты аялауға бағытталған мұндай акциялар облыс аумағында дәстүрге айналуы тиіс.
Қала тұрғындарының белсенділігін ерекше атап өту керек. Маңғыстау – ортақ үйіміз. Барлығымыз таза көшемен жүріп, таза жерде серуендегіміз келеді. Ал ол тек өзімізге байналысты. Бұл экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған үлкен шара. Қоршаған ортаны ұқыпты ұстау, өлкемізді қоқысқа толтырмау әрқайсысымыздың міндетіміз. Мұндай акциялар дәстүрлі түрде жалғасын табуы керек, - деді Нұрдәулет Игілікұлы.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?