22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акция асында «Lampa А» инклюзивті балалар көлеңкелі театры» жас көрермендерге «Теремок» ертегісі негізінде әзірленген «Таза Қазақстан» спектаклін көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, оқиға кенеттен қоқыс көп пайда болған орманда өрбиді. Жас көрермендер экологиялық мәселені шешуге және сұрақтарыға жауап табуға атсалысады.
Қойылым балалар мен олардың ата-аналарына қоршаған әлемге ұқыпты қарау қажеттігін насихаттаған «Таза Қазақстан» жобасына арналды.
Біздің спектакльдің идеясы «Таза Қазақстан» жобасымен бірдей болды. Ертегі негізінде балалар тәртіп орнату – қоршаған ортаның маңызды бөлігі екенін түсінеді. Спектакль барысында балалар өздерінің қиялына ерік береді, ата-аналар өз кезегінде балаларымен бірге ден бөліп, қойылымнан ләззат алып, ойларын басқа жаққа бөледі, – дейді «Lampa А» балалар орталығының директоры Алуа Барманқұлова.
Елордалық «Lampa А» балалар театры осындай спектакльдерді тұрақты өткізеді.
Елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы өтіп жатыр.
Экоакция аясында қалада нөсер және арық кәріз желілерін санитарлық тазалау, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев