30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАстанада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Сарыбұлақ өзенінің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған кешенді жұмыс жүргізілді.
Іс-шара барысында мамандар су айдынына биологиялық препараттарды енгізу процесін көрсетті. Құрамында пайдалы микроорганизмдер бар препараттар судағы органикалық ластануды азайтуға, судың сапасын жақсартуға және су айдынының табиғи экологиялық тепе-теңдігін қалпына келтіруге бағытталған.
Сонымен қатар қатысушыларға Сарыбұлақ өзенін сауықтыру бағытында қолданылатын заманауи технологиялар мен атқарылып жатқан жұмыс туралы ақпарат берілді.
Қазіргі уақытта су айдынында экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған бірқатар шара жүзеге асырылуда. Олардың қатарында жағалау сызығы мен су айдынын санитарлық тазалау, қоқыстарды жинау, су өсімдіктерін шабу, су ағысына кедергі келтіретін бөгеттерді тазарту, тұнба шөгінділерін алып тастау, суды аэрациялау, сондай-ақ пайдалы микроорганизмдер негізіндегі биологиялық препараттарды қолдану жұмысы бар.
Табиғи су айдындарын қалпына келтіруде биологиялық әдістердің маңызы зор. Қолданылып отырған препараттардың құрамындағы пайдалы микроорганизмдер органикалық ластануды ыдырату процестеріне ықпал етіп, судың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Биологиялық тазарту – су экожүйесінің табиғи тепе-теңдігін сақтауға бағытталған тиімді әрі экологиялық қауіпсіз тәсілдердің бірі. Сарыбұлақ өзенінде жүргізіліп жатқан жұмыстар кешенді түрде жүзеге асырылып, механикалық тазалау, аэрация және биологиялық әдістер өзара үйлестірілуде, – деді «Astana Bioscience Business Centre» ЖШС директорының ғылым жөніндегі орынбасары Садықов Азамат.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды