Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының мамандары сенбілік өткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тазалық іс-шарасына “SHABYT” өнер-білім академиясының және "UNICEF" еріктілері ат салысып, Ақтау қаласына іргелес Ақжелкен тұрғын алабы аумағындағы теңіз жағалауында сенбілік ұйымдастырды. сенбілікке 40-қа жуық адам қатысты.
Сенбілік барысында қатысушылар жағалаудағы тұрмыстық қалдықтарды жинап, аумақтың тазалығына үлес қосты. Бұл экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстардың бір бөлігі болып табылады.
Орталық басшысының орынбасары Меруерт Құрманғазықызы акцияға қатысты пікір білдіріп, оның маңызы туралы айтты.
Біздің басты мақсатымыз – жастарды туған жердің табиғатын қорғауға, айналаны таза ұстауға шақыру. Мұндай іс-шаралар тек тазалық үшін ғана емес, экологиялық жауапкершілік пен ұжымдық бірлікті арттыруға да ықпал етеді. Алдағы уақытта да табиғатты аялауға бағытталған жобаларды тұрақты түрде жалғастырамыз, - деді ол.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді