1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді2024 жылы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына 6,2 млн адам қатысып, 1,1 млн тонна қалдық жиналып, 1,6 млн-ға жуық ағаш отырғызылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының іске асырылу барысы туралы мәселе қаралды.
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев 2024 жылы акцияға қатысушылардың жалпы саны 6,2 млн адамды құрағанын, 1,1 млн тонна қалдық жиналып, 1,6 млн ағаш отырғызылғанын баяндады.
Премьер-министр «Таза Қазақстан» акциясының азаматтардың мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, жалпыадамзаттық құндылықтарды қолдау және табиғатты қорғаудың жаңа идеологиясын қалыптастыру мәселесіндегі маңыздылығын атап өтті.
Президенттің барлық бастамалары, оның ішінде экология мен қоршаған ортаны жақсарту, заңдылық пен тәртіпті сақтау қағидаты әр адамның ой-санасы мен мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға және сол арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды қолдауға бағытталып отыр. Олар уақытша науқанға емес, табиғатты аялауға, айналаңа, тарих пен дәстүрге құрметпен қарауға үндейтін қоғамдық жаңа идеология ретінде орнығуы тиіс, — деп атап өтті Олжас Бектенов.
«Таза Қазақстан» акциясы экологиялық ахуалды жақсарту бағытында кешенді іс-шаралар көзделген 2029 жылға дейінгі ұзақмерзімді тұжырымдама мәртебесіне ие болғаны айтылды.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?