Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыСыртқы істер министрлігі БАҚ өкілдеріне Тайланд пен Мьянма елдерінде құлдыққа тап болғаны туралы мәлімдеген қазақстандықтардың жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Ол азаматтар бойынша қазір жұмысты жалғастырудамыз. Тайланд, Мьянма елдерінің Сыртқы істер министрліктерімен байланыстамыз. Өздеріңіз білетіндей, бұл – халықаралық-криминалдық топтардың ісі. Бұл «алтын үшбұрыш» деп аталатын жер. Ол жерде билік те жоқ, байланыс та жоқ», - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Оның айтуына қарағанда, әзірге екі азаматтан ғана ресми өтініш түскен.
«Қазір біздің азаматтар сол жерде. Екі азамат бізге өтініш білдірді. Тексерілмеген ақпараттар бойынша тағы басқа азаматтар бар деп естіп жатырмыз. Оларға айтарымыз, бізді естіп жатса, сіздерді оқып жатса, аты-жөндерін нақты атап, өздері туралы мәлімет берсін, қорықпасын», - деді министрлік өкілі.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді