12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікШымкент тұрғыны тауық қорасында аса ірі көлемде есірткі сақтаған, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, 46 жастағы ер адам бұдан бұрын да есірткі қылмысы үшін жазасын өтеген. Алайда, ол бұрынғы әдетіне қайта басып, істеген қылмысы үшін қолға түсті.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері жергілікті тұрғынның үйінің ауласындағы тауық қорадан есірткі затын тапты. Онда ер адам арнайы шұңқыр қазып, сол жерге 4 банка марихуана жасырған. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 1,6 келі болды.
Қылмыскер қазір уақытша ұстау изоляторында қамауда. Қаратау аудандық полиция басқармасы аса ірі көлемдегі есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер