Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек10 қыркүйекте солтүстік-батыс антициклонының әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, елдің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында ғана жаңбыр жауады, оңтүстік аймақтарда найзағай ойнайды.
Ал таулы аймақтарда түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр мен қар) болады. Қазақстан бойынша түнде және таңертең тұманның түсуі, республикамыздың батысында, оңтүстік-шығысында желдің екпін алуы байқалады.
Ұлытау облысында, Жетісу өңірінің батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда өңірінің солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында, Алматы өңірінің солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қарағанды өңірінің батысында, шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау өңірінің солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?