Бүгiн, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қырыТынық мұхитындағы судың шамадан тыс жылынуы Жердің айналу жылдамдығына әсер етіп, тәулік ұзақтығын өзгертуі мүмкін.
Ғалымдар аса қуатты Эль-Ниньо құбылысы жаһандық климатқа ұзақ мерзімді әсер ететінін ескертуде. Бұл туралы New Scientist басылымы жазды.
Эль-Ниньо – Тынық мұхитының экваторлық бөлігіндегі судың әдеттегіден қатты жылынуымен байланысты табиғи климаттық құбылыс. Ол әлемнің әртүрлі аймағындағы ауа райына ықпал етіп, бір жерде құрғақшылықты күшейтсе, енді бір өңірде нөсер жауын мен су тасқынына себеп болуы мүмкін.
Басылым мәліметінше, аса қуатты Эль-Ниньо – бақылау тарихындағы ең күшті құбылыстардың бірі. Ғалымдар болжамына сәйкес, ол жыл соңына қарай шарықтау шегіне жетіп, келесі жазға қарай бәсеңдеуі мүмкін. Алайда оның климатқа тигізетін әсері бұдан кейін де ұзақ уақыт сақталуы ықтимал.
Эль-Ниньо Жердегі тәулікті қалай ұзартады?
Аса қуатты Эль-Ниньо кезінде мұхиттағы орасан зор жылы су массалары қозғалып, су мен атмосферадағы массаның таралуына әсер етеді. Соның нәтижесінде жел бағыты мен атмосфералық қысым өзгеріп, Жердің өз осінен айналу жылдамдығы аздап баяулауы мүмкін.
Мамандардың түсіндіруінше, Эль-Ниньоның ең күшті кезеңдерінде тәулік ұзақтығы шамамен бір миллисекундқа, яғни секундтың мыңнан бір бөлігіне ұзаруы ықтимал. Бұл өзгерісті адам күнделікті өмірде сезбейді. Дегенмен ол мұхит, атмосфера және Жердің айналысы арасындағы байланысты көрсетеді.
Эль-Ниньо Тынық мұхитының батыс бөлігіндегі жылы судың экватор бойымен шығысқа қарай жылжуынан туындайды. Материалда келтірілген мәлімет бойынша, құбылыс байқалатын аймақта су бетінің температурасы қалыпты көрсеткіштен 3,4 градусқа жоғарылаған.
Мұхиттағы жылудың атмосфераға таралуы жаһандық температураның күрт көтерілуіне ықпал етуі мүмкін. Ал мұхит тереңдігінде пайда болатын Россби және Кельвин толқындары су қабаттарының қозғалысын өзгертіп, салқын судың жоғары көтерілуіне әсер етеді.
Құрғақшылық пен су тасқыны қаупі
Ғалымдарды алаңдататын негізгі мәселе – Эль-Ниньоның жаһандық жылынумен қатар жүруі. Мұхиттағы температураның көтерілуі Жер шарындағы орташа температураның жаңа рекордтарға жету қаупін арттырады. Мамандар бұл жағдай жаһандық жылынуды индустрияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 1,5 градус деңгейінде шектеу мақсатына жетуді қиындатуы мүмкін екенін ескертеді.
Аса қуатты Эль-Ниньоның салдары әр өңірде әртүрлі байқалуы ықтимал. Мәселен, Амазония аймағында күшті құрғақшылық қаупі бар. Ылғалдың азаюы тропикалық ормандарға зиян келтіріп, олардың көмірқышқыл газын сіңіру қабілетін әлсіретуі мүмкін. Ал орман алқаптарының жойылуы атмосфераға қосымша көмірқышқыл газының бөлінуіне әкеледі.
Азияның кейбір өңірінде, керісінше, жауын-шашын көбейіп, ауқымды су тасқындары болуы мүмкін. Зерттеушілер мұндай қауіптің ауқымын түсіндіру үшін 1998 жылы Янцзы өзені бойында болған жойқын тасқындарды мысалға келтіреді.
Климаттағы өзгерістер ондаған жылға созылуы мүмкін
Мамандар пікірінше, аса қуатты Эль-Ниньоның ең қауіпті тұсы – оның ықпалы құбылыс аяқталғаннан кейін де сақталуы мүмкін.
Мұхиттың шектен тыс жылынуы жаһандық температураның көтерілуімен ұштасқанда, климаттық жүйелердегі қалыптасқан тепе-теңдікті өзгерту қаупі артады. Кейбір өзгерістер ұзақ мерзімді сипат алып, экожүйелердің бұрынғы қалпына келуін қиындатуы ықтимал.
Материалда 2015 жылғы қуатты Эль-Ниньодан кейін Мексика шығанағында су температурасының күрт көтерілгені мысалға келтірілген. Мамандардың айтуынша, сол кезеңде байқалған кейбір температуралық өзгерістердің әсері әлі де сезіледі.
Дауылдарды зерттеуші маман Джефф Мастерс қазіргі құбылыстың салдары да ұзаққа созылуы мүмкін деп есептейді.
Меніңше, бұл аса қуатты Эль-Ниньоның салдары климаттық режимнің бірнеше рет өзгеруіне әкеледі. Әдетте мұндай өзгерістер экожүйелерге және соларға тәуелді адамдардың өміріне айтарлықтай әсер етеді, – дейді Джефф Мастерс.
Ғалымдар адамзаттың қазіргі инфрақұрылымы мен шаруашылық жүйелері негізінен ХХ ғасырдағы климаттық жағдайларға бейімделгенін атап өтеді. Сондықтан температураның күрт өзгеруі, құрғақшылық пен су тасқыны сияқты құбылыстарға бейімделу мемлекеттерден қосымша қаржы мен ресурстарды талап етуі мүмкін.
Сонымен бірге зерттеушілер Эль-Ниньоның табиғи құбылыс екенін, ал оның нақты салдары жаһандық жылыну деңгейіне және әр өңірдің климаттық ерекшеліктеріне байланысты болатынын ескертеді.
Бұған дейін Эль-Ниньо еліміздегі қысқы ауа райына да әсер етуі мүмкін екенін жазғанбыз.
Бүгiн, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?