Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚР премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында жаңа пәтерлер кілтін табыстау рәсіміне қатысты. Сырдарияның сол жағалауында баспана кезегінде тұрған отбасыларға арнап салынған жеті қабатты 6 үй пайдалануға берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Халықтың әл-ауқатын жақсарту, жайлы өмір сүруге жағдай жасау – еліміздің маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі. Мемлекетіміз үшін қастерлі мереке – Тәуелсіздік күні қарсаңында 500-ден астам отбасы қоныс тойын тойлағалы отыр. Қуаныштарыңыз құтты болсын!, - деді, жаңа қоныс иелерін құттықтаған вице-премьер.
Жаңа пәтер кілтін алғандар қатарында көпбалалы отбасылар да бар. Мәселен, Әсия Есенбекова 5 жыл пәтер кезегінде тұрған.
Бүгін бізге 3 бөлмелі пәтер кілті табысталды. Баспаналы болу – біздің отбасымыз үшін үлкен қуаныш. Біз өте ризамыз. Көрсеткен қолдауларыңыз үшін сіздерге алғысымызды білдіреміз, - деді Әсия Есенбекова.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары