2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліСҚО-да полицейлер ауыл тұрғынының су тасқынынан зардап шеккен үйінде сенбілік өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
СҚО Қызылжар ауданы полиция бөлімінің ардагерлер кеңесіне ішкі істер органдарының 67 жастағы зейнеткері Сергей Терехов жүгінген. Сәуір айының басында Прибрежное ауылында орналасқан оның және басқа ауылдастарының үйлерін бұрын-соңды болмаған тасқын кезінде шатырға дейін су басыпты. Салдарынан ауыл аралға айналып, судың қоршауында қалған.
Аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлихан Байқадамов пен полиция бөлімінің ішіндегі ардагерлер кеңесінің төрағасы Балғабай Рахметов бастаған 15-ке тарта қызметкер ардагердің өтінішін жерге тастамай, келесі күні таң атысымен Шаймергенов көшесі, 6 мекенжайындағы үйге барды. Сақшылар жоспар құрып, жұмысты бастап кетті. Учаскелік инспекторлар, жедел уәкілдер, штаб қызметкерлері жан-жаққа бөлініп, суда тұрып бұзылған жиһаздар мен басқа заттарды шығарды.
Сергей Терехов көптеген жылдар бойы ішкі істер органдарында қызмет еткен. Еңбек демалысына 2002 жылы СҚО ішкі істер басқармасында байланыс басқармасының бастығы лауазымынан шыққан. Ардагер ведомствоның ардагерлер кеңесіне, полиция бөлімінің басшылығына және жеке құрамға көмектері үшін және қолдау білдіргендері үшін шын жүректен алғысын білдірді.
Сәуір айында Петропавл қаласы сияқты Қызылжар ауданының бірқатар ауылдары да су тасқынынан қатты зардап шекті. Полицейлер құтқарушылармен, әскери қызметшілермен, әкімдік қызметкерлерімен және еріктілермен бірге алғы шепте болып, су тасқынымен күресті, қоғамдық тәртіпті сақтап, халыққа жан-жақты көмек көрсетті. Қазір су кеткенімен, оның салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс