Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТашкентте ауа температурасы 40 градустан асып тұр. Аптап ыстықта жергілікті тұрғындар күйбең тіршілікті қойып, өмірден ләззат алуды жөн көрген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ыстықтан құтылудың бір жолы ретінде олар кәдімгі пикап көлігін шағын бассейнге айналдырған: көлік жүксалғышын пленкамен қаптап, ішіне су толтырып, жанына кәдімгідей дастарқан жайып, оны кәуап пен салқын сусынға толтырған.
Тағы бір топ көліктің ішкі салонын толықтай полиэтиленмен қаптап, ішіне су құйып алып, Ташкент көшелерін жылжымалы ванна секілді аралаған.
Алайда мұндай тапқырлық өзбек полицейлерінің көңілінен шыққан жоқ – аталған көлік иелері мен жолаушыларына әкімшілік жаза қолданылды.
Бұған дейін күрделі жөндеу көрмей 1 млн шақырым жолды жүріп өткен көліктер туралы жазғанбыз.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді