7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Ауа райына байланысты қар құрсауында қалып қойған адамдарға полицейлер көмектесуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қарлы боран мен бірқатар жолдардың жабылуына байланысты Түркістан облысының патрульдік полицейлері облыс трассаларында тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.
Қар тазалайтын машиналардың кедергісіз қозғалуына, жолаушыларды қауіпсіз орындарға және жылыту пункттеріне орналастыруға көмек көрсетті.
Түркістан обылсы тәртіп сақшылары тұрғындардың қауіпсіздігі үшін үздіксіз қызметті жалғастырады және тұрғындарға ұзақ жолға шықпауға кеңес береді.
Ал Абай облысында ауа райына байланысты республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың 24 учаскесі қозғалыс үшін жабылды.
Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жүк көліктерінің жүргізушілеріне тамақ пен ыстық шай ұсынды.
Бірнеше күннен бері еліміздің шығысында қатты аяз жүріп, барлық бағыттағы жолдар таңертеңге дейін дизельді көліктер үшін жабық. Ең қиын жағдай жүк көлігі жүргізушілері үшін.
Патрульдік полиция қызметкерлері жүк көліктері жүргізушілеріне ыстық сусындар және тағамдар ұсынып, жол бойында олар қандай да бір көмекке мұқтаж ба екенін сұрады.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?