29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстан спортшысы Бейбарыс Қаблан Кенияда өтіп жатқан таеквондодан (WT) 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионы атанды. Финалда ол Оңтүстік Корея спортшысы Ян Чжунёнді жеңді.
Бұл - Бейбарыс Қабланның спорт мансабындағы ең үлкен жеңісі және Қазақстан таеквондо тарихында 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы алғашқы алтын.
Бейбарыс Қаблан 87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірген жоқ. Әлем чемпионаты аясында Бейбарыс финалға дейін төрт кездесу өткізді. Іріктеу кезеңдерінде Үндістан, Түркия елінің спортшыларын, жартылай финалда Иран өкілі Ашрафи Амирмохаммадтан 2:1 есебімен басып түсті.
Айта кетерлігі, таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионаты 6 желтоқсанға дейін жалғасады. Әлем біріншілігіне барлығы 75 елден 500-ге жуық даянг шебері қатысуда.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек