Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАбай облысында Шаған, Шорға және Қалба соғыстарында ерлік көрсеткен, бірақ тарихта аталмай қалған 20-ға жуық батыр белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Жергілікті тарихшылар мен өлкетанушылар өңірге арнайы экспедиция жұмыстарын жүргізу арқылы олардың есімін анықтады. Бұл жайында Астанада өткен «Батырлар институты» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында айтылды.
Мамандар зерттеу жұмыстарын әрі қарай жалғастыруға ниетті. Олар алдағы уақытта мұндай құнды ақпараттарды қағазға түсіріп, кітап шығаруды жоспарлап отыр.
Мысалы, Тентек Қалыбай деген болған. Ол Жетімтөбеде жатыр. Ол спутник арқылы көрінді. Оның ұрпақтары Жарманың Қалбатауында тұрады екен. Қазір басына үлкен құлпытас қойған, - дейді өлкетанушы Жамбыл Жұманбаев.
Жиында ұлттық рух пен ұрпақ сабақтастығы да сөз болды. Конференцияны Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Астана қалалық Әдістемелік орталығы және номері 74-мектеп-гимназия бірлесіп ұйымдастырған.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер