Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстандық теннисші, әлемнің жаңа бірінші ракеткасы Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің финалына жолдама алды. Ол жартылай финалда америкалық Коко Гауффты жеңді.
Финалда Рыбакинаны Соболенко күтіп тұр
Кездесу 2 сағат 10 минутқа созылып, 3:6, 6:4, 6:4 есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталды. Қазақстандық теннисші алғашқы сетте жеңіліп қалғанымен, кейінгі екі партияда басымдық танытып, матчты өз пайдасына аяқтады.
US Open-нің шешуші кездесуінде Елена Рыбакина Беларусь өкілі Арина Соболенкоға қарсы ойнайды.
Соболенко өз кезегінде жартылай финалда әлемнің үшінші ракеткасы, америкалық Джессика Пегуланы жеңіп, финалға өтті.
Осылайша, турнирдің әйелдер арасындағы финалында өткен жылғы чемпион Арина Соболенко мен Қазақстан атынан өнер көрсететін Елена Рыбакина кездеседі.
Қазақстан тарихындағы тарихи жетістік
Рыбакинаның US Open-дегі жетістігі оның әлемдік рейтингтегі тарихи нәтижесімен қатар келіп отыр.
Бұған дейін қазақстандық теннисші турнирдің жартылай финалына шыққаннан кейін WTA-ның live-рейтингінде Арина Соболенконы басып озған еді. Нәтижесінде 14 қыркүйектен бастап Қазақстан тарихында алғаш рет әйелдер арасындағы әлемнің бірінші ракеткасы пайда болады.
27 жасында Рыбакина әлемдік теннистің басты жетістіктерінің бірқатарын бағындырып үлгерді. Ол бұған дейін Үлкен дулығаның екі турнирінде жеңіске жетіп, сондай-ақ WTA қорытынды турнирінің чемпионы атанған.
Теннисші үшін әлемдік рейтингтің шыңына көтерілу жеке жетістік қана емес, Қазақстан спорты үшін де тарихи оқиғаға айналды. Бұған дейін Рыбакина әлеуметтік желідегі жазбасында бұл жетістіктің ел үшін маңызына қатысты эмоциясын бөліскен болатын.
US Open-2026
АҚШ ашық чемпионаты 30 тамыз бен 13 қыркүйек аралығында Нью-Йоркте өтіп жатыр. Әйелдер арасындағы турнирдің жүлде қоры шамамен 49 миллион долларды құрайды.
Енді теннис жанкүйерлерінің назары US Open-нің финалына ауады. Қазақстандық спортшы үшін бұл кездесу әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесін бекіту жолындағы маңызды қадам болмақ.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?