Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіШорт-трекші Денис Никииша Роттердамда (Нидерланд) өтіп жатқан әлем чемпионатында тарихи нәтиже көрсетіп, күміс жүлдегер атанған болатын. Спортшы өміріндегі ең үлкен жеңіс туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Olympic.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Спортшы бүл жүлдені асыға күткенін және ол үшін жақсы дайындық жұмыстарын жүргізген.
«Қазір бастан кешіп жатқан сезімдерімді жеткізу мүмкін емес. Айтарға сөзім жоқ. Осы медальға қол жеткіздік-ау! Былтыр жүлде қолымнан сырғып кетіп еді. Бүгін бәрі ойдағыдай болды. Өз нәтижеме ризамын. Күміс медаль - менің жақсы өнер көрсеткенімнің айғағы. Тарихта тұңғыш рет біз әлем чемпионатының медалін алдық. Ризамын. Осы жолдағы ең қиын нәрсе – өз-өзіңмен күресу. Спортшылар менің не айтқым келетінін түсініп отыр. Нәтиже көңілден шығады. Маусым аяқталар тұста көңілім жайланып қалды. Жылдың соңғы халықаралық жарысы. Енді демалып, қайтадан қалыпқа келуге мүмкіндік бар. Миландағы Олимпиадаға екі жыл қалғанын ескеріп, әрі қарай еңбек ету керек», - деді Денис Никиша.
Еске салсақ, күні кеше Нидерландтың Роттердам қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Денис Никиша 500 метрге жарысудан күміс медаль жеңіп алған болатын.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады