Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсЖапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Қазақстан таеквондодан тарихи нәтижеге қол жеткізді.
Ерлер арасында 58 кг дейінгі салмақтың финалында отандасымыз Тамирлан Тілеулес финалда Курт Брайан Барбозамен күш сынасты. Тартысты жекпе-жекте отандасымыз жеңіске жетіп, қазақтан шыққан тұңғыш Азиада жеңімпазы атанды.
Осыған дейін сары құрлық бәсекесінің ақтық сынына 3 отандасымыз шығып, күміс жүлдені місе тұтқан. Олар:
Енді бүгін Тамирлан финалдағы осы сәтсіз серияға нүкте қойды.
Бүгін Тілеулес алғашқы айқасында Оман өкілінің, ширек финалда әлем чемпионы Аболфазл Зандидің жолын кесті. Ал жартылай финалда Оңтүстік Корея өкілі Ан Хянсикті ұтқан (2-1).
Бұған дейін боксшы Айбек Оралбай Азия ойындарының чемпионы атанып, ел қоржынына 11-алтын медаль салған еді.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды