28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарГонконг қаласында өтіп жатқан семсерлесуден ересектер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан үшін тарихи нәтиже тіркелді.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан командасы (Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов) финалда Украина семсерлесу шеберлерімен күш сынасты. Бас жүлде үшін болған тартысты айқас 45:40 есебімен аяқталып, біздің төрттік Қазақстанға спорттың осы түрінен әлем чемпионатының алғашқы алтын жүлдесін сыйлады.
Бұл – Қазақстан ерлер командасы үшін жалпы әлем чемпионатының алғашқы финалы. Осыған дейінгі үздік көрсеткіш – былтырғы қола медаль. Қазақстан бір жыл бұрын Грузия астанасында өткен додада әлемдік деңгейдегі көшбасшы Францияны ұтып, тарихи қола жүлдеге қол жеткізген.
Қазақстан командасының бүгінгі жекпе-жектер нәтижесі:
Жартылай финал: Қазақстан – Мысыр 41-32
Ширек финал: Қазақстан – Дания 45:36
1/8 айналым: Қазақстан – Өзбекстан 28:27
1/16 айналым: Қазақстан – Финляндия 45:39
Финалдағы тегеурін
Әлем чемпионатының финалында Қазақстан құрамасы Украина жігіттерімен семсерлесті. Руслан Құрбанов, Еңлік Сертай, Кирилл Проходов пен Вадим Шарлаимовтың Азия чемпиондары екенін білеміз. Ал Украина құрамасы бұған дейін әлем чемпионы атанып үлгерген. 2015 жылы алтын тұғырға шықса, бірнеше рет Еуропа чемпионатының жүлдегері болған.
Айтқандай, финал тартысты өтті. Қазақстан құрамасы 45:40 есебімен жанкешті жеңіске жетті. Биыл Еуропа чемпионатының қола жүлдегерлерін әбігерге салды. Семсерлесуден сапы сайысы бойынша Қазақстан ерлер құрамасының әлемдік рейтингте үздік бестікте тұрғанын тағы бір рет дәлелдеді.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?