20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТараз қаласының 37 жастағы тұрғынының үйінен 1 келіден астам марихуана есірткі заты табылып, тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстан Республикасының нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүйелі түрде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.
Полиция қызметкерлерімен Тараз қаласында “Қарасора – 2023” жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында Леки атты қызметтік-іздестіру итімен, 37 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Ұсталған азаматтың тұрғылықты жерін тінту барысында жалпы салмағы 1 келі 389 грамм кептірілген марихуана есірткі заты табылып, тәркіленді.
Ұсталған адам кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл баптың санкциясы бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған, – деп атап көрсетті ПД ЕҚІҚБ бастығының орынбасары Дінмұхамбет Қойториев.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?