Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТараздық тұрғынның бақшасынан есірткі өсімдігі тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
12 қыркүйек күні Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар шеңберінде “Канал-тосқауыл” халықаралық операциясы жүргізілді.
Шара барысында Тараз қаласының 48 жастағы тұрғынының бақшасынан жалпы салмағы 24 келі 300 гр болатын каннабис өсімдігінің 24 бұтағы табылды.
Ұсталған адам өз кінәсін толығымен мойындады, бұл дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабы 2-бөлігі (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деді Жамбыл облысы ПД ЕҚІҚБ бастығы Әлім Бажықбаев.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді