22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыТараз қаласындағы №7 мектеп-гимназия оқушысы өрт кезінде адамдарды құтқаруға көмектесетін робот ойлап тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі оқу министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
9-сыныпта оқитын Вячеслав Кузьмин техникалық- шығармашылық орталықта қосымша білім алады. Төтенше жағдай кезінде көмек болатын құрылғыны осы орталықта тәлімгері Айнұр Сұраншиеваның жетекшілігімен жасап шығарған. Оған «Темір-Батыр» деп ат қойған. Құлтемір өрт кезінде жалынды сөндіріп, қою түтін ішінде қалған адамды да іздеп табады.
«Роботтың алдында кедергілерді итеруге арналған құрылғысы және камерасы бар. Темір-Батырды қашықтықтан басқарып, камера арқылы өрт болған жерді көруге, ультрадыбысты қондырғының көмегімен өрттің қай жерден шыққанын, адамның бар-жоғын анықтауға болады. Роботтың ішіне екі бак орнатылған. Оған жағдайға байланысты көпіршік немесе су толтырылады. Қысым сұйықтықты 5 метр қашықтыққа шаша алады», – дейді өнертапқыш оқушы.
Вячеслав Кузьмин Темір-Батырды Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаменті мамандарына апарып көрсетпекші. Патент алып, роботты тағы да жетілдіру жоспарында бар.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев